Дастанға айналайық сөзі

Ершат Қайболдин

Дастанға айналайық

0
0

Бөлісу:


Жүрсекте  бір  қалада  жолықпаймыз,
Күлсекте, күрсінуден  қорықпаймыз.
Күзгі  бақ  бізді  күтіп  сарғаюда,
Біз  бірақ  сорлымыз-ау  соны  ұқпаймыз.
 
Қалай  біз  өткіземіз  ендігі  айды,
Қараймыз  махаббатқа  немқұрайлы.
Өмірді  біз  екеуміз  өткізбесек,
Көңілді басар  мәңгі  шерлі-қайғы.
 
Кеудемде  сезім  болса  өзіме  аян,
Деуденде  оны  аулақпын  көзін  оям.
Тосыннан  «ғашық  жырын»  өзгертейік,
Қосылған  біз  болайық  «Қозы-Баян»
 
Жұлдыздар  ағып  түссе  түнгі  аспанда,
Түнгі  ызғар  әсер  етпес  сырластарға.
Одан да  біз  бақытты  болу  үшін,
«ҚОДАР ДА»  енбесінші  бұл  «дастанға».
 
Аспанға  қанат  қақтым, түстім-ұштым,
«Дастанға  айналайық  күшті»  күштім.
Жырласа  тауыса алмай  жырау  біткен,
Тыңдаса  отырсын  ел  үш  күн  үш  түн…
Ершат Қайболдин, Ершат Кайболдин, Дастанға айналайық, Дастанга айналайык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

23.10.2015