Сен теңіздейсің сөзі

Ернар Айдар

2019

0
0

Бөлісу:



Хат жазшы маған
Жаныма менің жағатын
Құм сағаттайын
Таусылды менің тағатым
Ақ бұлттан биік
Қалықтай бермей жерге түс
Қалмасын күйіп қанатың

[Қайырмасы]
Сен теңіздейсің
Жағаңда ұшам шағаладай
Бір-бірімізді жүрміз-ау
Жаным бағаламай
Алыстай берме сен менен
Кеудемде бір күш
Тартады жаным саған қарай


Сезім білдірдім
Сөз айтқаным жоқ ұнамсыз
Көңілім ашық
Ауа-райындай тұмансыз
Білмеймін енді
Жүрегің кім деп соқса да
Мен сені сүйем күмәнсіз

[Қайырмасы]
Сен теңіздейсің
Жағаңда ұшам шағаладай
Бір-бірімізді жүрміз-ау
Жаным бағаламай
Алыстай берме сен менен
Кеудемде бір күш
Тартады жаным саған қарай
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Сен теңіздейсің, Сен тениздейсин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

21.07.2019
Қолданушылар