Сен кетпе қасымнан! сөзі

Ернар Айдар

2019

0
0

Бөлісу:



Бұл жолы дауылсыз
Күліп келді сәуір
Үмітім де үлкен
Көңіл-күйім тәуір
Болса да гүл көктем
Күнді аңсап бірге өткен
Маған сенсіз қиын
Маған сенсіз ауыр

[Қайырмасы]
Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан
Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған
Шомылайын егер сен қаласаң
Шуаққа сенен ғана шашылған
Көңілім көк аспандай жайнасын
Жауыны жаңа жауып басылған

Сен болсаң, бақытқа
Бөленеді үйім
Болмасаң жанымда
Жоғалады күйім
Кел бірге көрейік
Жаратқанның сыйын
Маған сенсіз ауыр
Маған сенсіз қиын

[Қайырмасы]
Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан
Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған
Шомылайын егер сен қаласаң
Шуаққа сенен ғана шашылған
Көңілім көк аспандай жайнасын
Жауыны жаңа жауып басылған
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Сен кетпе қасымнан!, Сен кетпе касымнан! mp3 жүктеу, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

08.07.2019
Қолданушылар