Кеш сөзі

Ернар Айдар

2020

22
0

Бөлісу:



Кеш, сағынып тағы ән арнасам
Бұрынғыдай жаныңа бара алмасам
Сен аңсаған арманды таба алмасам
Кеш, ойымды жасырмаған жолдарымды
Гүл сыйлап құшақтаған қолдарыңды
Ессіз ғашық болғанымды

Кеш, кешіру болар қиын емес
Бақыт деген тек қана сүю емес
Менің жүрегім енді үйің емес
Кеш, жанбайды сөніп қалған жалын қайта
Бастайсың махаббаттың жолын қайта
Абайлап жүрші жаным, байқа

[Қайырмасы]
Шын сүйгенім үшін кеш
Күрсінгенің үшін кеш
Кешір сүймегеніңді
Түсінгенім үшін кеш
Таңдағаным үшін кеш
Әр қадамым үшін кеш
Ұмытам деп, ұмыта алмағаным үшін кеш

Қош, не дейін айтшы тағы саған
Емеспіз енді біздер таныс адам
Тек қана қиялымда табыса алам
Қош, айтылмас бұдан былай мүлдем сырым
Жүректе жазылып тұр нұрлы есімің
Берсең болғаны бір кешірім.

[Қайырмасы]
Шын сүйгенім үшін кеш
Күрсінгенің үшін кеш
Кешір сүймегеніңді
Түсінгенім үшін кеш
Таңдағаным үшін кеш
Әр қадамым үшін кеш
Ұмытам деп, ұмыта алмағаным үшін кеш
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Кеш, Кеш mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

29.02.2020
Қолданушылар