Бала ғашық сөзі

Ернар Айдар

2019

0
0

Бөлісу:



Бала махаббатым балдай арманым
Бақытымды қалай таңдай алмадым
Бабам жердің бетін қалай жаулаған
Жүрегіңді сенің жаулай алмадым
Бала жүрек сүйген бала ғашығым
Әлі менің алда алар асуым
Көңіліңнің кілтін табатын едім
Айта алмадым бұрын саған ашығын

[Қайырмасы]
Бала күнде сүйген бала ғашық
Тағы келіп тұрмын сәл адасып
Бала ғашық

Махаббатымыз бен тағдыр егесіп
Аттап өте алмадық тауды кеңесіп
Ауылдың көшесін кешкі салқынмен
Аралап қайтайық әңгімелесіп
Есіме алып бала шалалығымды
Естиін деп едім жаңалығыңды
Сағынбасаң мені сағымға айналған
Сағынған шығарсың бала күніңді

[Қайырмасы]
Бала күнде сүйген бала ғашық
Тағы келіп тұрмын сәл адасып
Бала ғашық
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Бала ғашық, Бала гашык mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

29.08.2019
Қолданушылар