Балалығым тұр артымда, күтіп тұрған сағымдай.
Уақытпенен күресуге шығам әлі қағынбай,
Күресуге шыдай ме екен, қасқалдақтай жаным-ай.
(Ағып жатқан уақыттарға жүре алам ба табынбай?) 15 жылым өтіп жатыр өзіме еш білінбей,
Кеше ғана бала едім ойнап жүрген үрімдей.
15 жылым өтіп жатыр өзіме де байқалмай,
Уақыт - деген тоқтамы жоқ мәңгі шексіз сайқалдай... Бала емеспін бұрынғыдай асыр салып ойнайтын,
Жасым келді өмірлік бір, тоқтауыма тоқтайтын.
Асу-асу белдерден өте алмай, мың құлайтын,
Құлағаннан сабақ алып, жүйрік аттай тулайтын.
Сабақ берер өз өмірім, еш тоқтаусыз зулайтын,
Кезім келер, осы өлеңді оқып тұрып жылайтын.
Ащы уақыт , кезің келер мені әлі жоқтайтын,
ӨЗ ТАҒДЫРЫМ - ОҚ ҚЫП МЕНІ , АЛҒА ҚАРАЙ ОҚТАЙТЫН! (с) Ернар ЕРГЕШ Ернар ЕРГЕШ, Ернар ЕРГЕШ, ***, *** сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store