Махаббат қаласы сөзі

Ернар Айдар

79
2

Бөлісу:



Бір ғана, айтарым саған бір ғана,
Ұйқымды енді ұрлама.
Түсімде күліп келмей-ақ қой.
Тыңдама, сағындым десем тыңдама,
Бара бер қолды бұлғама.
Сүйемін десем, сенбей-ақ қой.
Сезім отына күйіп жатсам да
Көңіл бөлмей-ақ қой.

Қайырмасы:
Сен неге жолықтың мендей пендеге
Жер беті дейтін бөлмеде.
Кететін болсақ қосыла алмай
Мен неге қалардай болып сен келе
Атыңды жазып кеудеме
Жүрмін өшіре алмай.

Алданба сен де енді жаным алданба
Орындалмайтын арманға
Аялдамам ғой деп қарашы.
Жандар да жүрекпен сүйген жандар да
Жолда қалады жалғанда
Жалғана алмайтын екі арасы
Біздің бақытқа пәтер бермейді
Махаббат қаласы.

Қайырмасы:
Сен неге жолықтың мендей пендеге
Жер беті дейтін бөлмеде.
Кететін болсақ қосыла алмай
Мен неге қалардай болып сен келе
Атыңды жазып кеудеме
Жүрмін өшіре алмай.
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Махаббат қаласы, Махаббат каласы mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Jalgas Joldibaev

18 Ақпан 2018

керемет шыққан

Ермек Бокаев

22 Ақпан 2018

керемет

Меруерт Сағынбай

22 Ақпан 2018

Өте, өте керемет! Жарқырай беріңіз, АҒА!

Ақерке Қылышбай

26 Ақпан 2018

Куним ау деген анинне уксайды екен бирак оте тамаша

Doszhan Makhmudov

07 Наурыз 2018

Керет

Аружан Ешмупатова

15 Наурыз 2018

маган бул олен оте катты унайды

Admin

Сөзін түзеткен

10.02.2018
Қолданушылар