Кел дедім сөзі

Ернар Айдар

Кел дедім

2
0

Бөлісу:



1. Ақ сарайдай қорғаны бар
Алма бақтай бағбаны бар
Шіркін қандай арманы бар
Сені сүйген жігіттің
Білегіңнің аппағын-ай
Іздеп жүріп тапқаным ай
Қылығыңның жаққанын ай
Сөнген оттың үмітін
 
Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
 
2. Таныс бірақ бөтенім ай
У қосылған шекерім ай
Қызғаныштың бекерін ай
Сүймеген соң құшақтап
Сен бұрылып бір қарасаң
Тау мен тастан,қырдан асам
Қонар еді шын қаласаң
Бақыт дейтін құс аппақ
 
Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
 
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Кел дедім, Кел дедим mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015