Қазақстаным ұлы Отаным-ай сөзі

Ернар Айдар

Қазақстаным ұлы Отаным-ай

2
0

Бөлісу:



Қызығамын мұнартқан шың-құздарына
Қызығамын күн мен ай, жұлдыздарына
Қызығамын бақытты ұл-қыздарына
Қызығамын маржандай өзен-көліне
Бағаламай өткізбе мына уақытты
Ақ сарайым алтыннан далам жақұтты
Тәңір сүйіп нұр жауған Қазақстаным
Сенде туған адамдар қандай бақытты

қайырмасы:
Ақ отауы той, әр күндері той
Өмірлері той, көңілдері той
Аққудайын бұл менің киелі елім ғой
Қазақстаным ұлы отаным-ай
Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой

Байқап жүрмін біреулер көре алмайды екен
Қорғанымды мен жүрмін өрей алмай бекем
Ата-бабам тапсырған жерімнен мынау
Бір қарыста ешкімге бере алмайды екем
оянатын жүрегі ел деп шырылдай
Нұр ағамның әр сөзі алтын туындай
Сені сүйген сан ұлттар жан досым менің
Сені сүйген әр қазақ жалғыз ұлындай

қайырмасы:
Ақ отауы той, әр күндері той
Өмірлері той, көңілдері той
Аққудайын бұл менің киелі елім ғой
Қазақстаным ұлы отаным-ай
Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Қазақстаным ұлы Отаным-ай, Казакстаным улы Отаным-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

13.11.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Ернар Айдар
Қазақстаным ұлы Отаным-ай