Жүрміз ғой ойнап-күліп, сыр ақтарып, сөзі

Ерлан Ахмет

0
0

Бөлісу:


Жүрміз ғой ойнап-күліп, сыр ақтарып,
жоспарды жасап алып, бір апталық.
Біреулер жетіп жатса мұратқа нық,
біреулер қалып жатар жырақтанып.

Адам бар мәз болатын күндігіне,
бесінде ашылмайтын түндігі де.
Адам бар байлық, мансап қуаламас,
тоқмейіл тыраштанған тірлігіне.

Көреміз «мен, мен ғана» дегендерді,
түйені түгіменен жегендерді.
Білеміз мақтанудан қашар дәйім
еңбекпен еленетін ерендерді.

«Бес саусақ бірдей емес» білеміз ғой,
тірі адам тіршілікте жүреміз ғой.
Адам боп қалғанымыз абзал болар,
маңдайға жазылғанын көреміз ғой.
Ерлан Ахмет, Ерлан Ахмет, Жүрміз ғой ойнап-күліп, сыр ақтарып,, Журмиз гой ойнап-кулип, сыр актарып, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

05.03.2017