Мектебім мен ұстазым сөзі

Ерлан Ахмет

0
0

Бөлісу:


Қолға қалам алдырдың,
ою-өрнек салдырдың.
Әсем әнді жаттатқан,
ойға түйіп қалдырдым.Алтын ұя – мектебім,
өзіңде өсіп, көктедім.
Ұстазыма айтатын,
алғысым да көп менің.
Өмір бойы өтейтін,
парызым да көп менің.Еркелете білесің,
ойнап, бірге күлесің.
Көз алдымда, ұстазым,
анамдай боп жүресің.Сенде оянды бар үміт,
арман оты жағылып.
Кетсем-дағы есейіп,
жүремін-ау сағынып.
Ерлан Ахмет, Ерлан Ахмет, Мектебім мен ұстазым, Мектебим мен устазым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

25.03.2017