Қазақ елім бұл менің сөзі

Ерлан Ахмет

0
0

Бөлісу:


Асқар тауын, дархан дала, айдынын
аялаған баспасын деп қайғы-мұң.
Бабалардың найзасында ойнаған
азат күні қазағымның – айбыным.

Кеңдігімен танылған –
байтақ жерім бұл менің.
Ерлігімен танылған –
қазақ елім бұл менің.

Алтын күнге қанат қақты қыраным,
Бостандықты аңсап келді пырағым.
Желтоқсанның ызғарында шыңдалған
қазағымның қайсарлығы – тұмарым.

Отаны мен отауының ақ таңы,
бақыт шағы – арайланып атқаны.
Асқақтаған Астананың ажары –
қазағымның армандаған мақтаны.
Ерлан Ахмет, Ерлан Ахмет, Қазақ елім бұл менің, Казак елим бул менин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

20.02.2017