Қазағымның Жерұйығы сөзі

Ерлан Ахмет

0
0

Бөлісу:


Асқар Алтай аспандаған,
Арман-асу, дастан-далам.
Алтынбелім, Көктерегім
Ай сәулесін шашқан маған.
Асыл-маржан Жұлдыз-бағым,
Қаражал мен Құндыз, Балғын.
Алыбайым, Майемерім
әуелеткен ұл-қыздарын.

Аялатқан жанын нұрға,
Жастық алау – жалынында.
Қазағымның Жерұйығы –
Катоным мен Нарынымда.

Ақмаралым, таңымдайсың,
Белқарағай, балымдайсың!
Қаумыш, Марал көлдеріндей
Аққайнарым, арымдайсың!
Ақсу, Берел – көркем жерім,
Жамбыл, Өрел – өлкем менің.
Шұбарағаш, Топқайыңым,
Аршатыда – өркенді елім.

Еңбек, Өрнек тілектері
жарып шығар түнектерді.
Мойылдым мен Жаңаүлгім
баурап алар жүректерді.
Рахманымның қайнарындай,
Бұқтырманың айлағындай,
Берекелі Шыңғыстайым –
бірлігімнің қаймағындай.
Ерлан Ахмет, Ерлан Ахмет, Қазағымның Жерұйығы, Казагымнын Жеруйыгы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

20.02.2017