Қасқа құлын сөзі

Ерлан Ахмет

0
0

Бөлісу:


Атам маған ауылда
қасқа құлын сыйлады.
Қарамайды жауынға,
аулаға да сыймады.Күндіз шауып шынығып,
түнде алатын тынымын.
Күн аймалап тұлымын,
ойнақтаған құлыным.Жазда бардым сағынып,
өсіп кеткен тай болып.
Тағалары қағылып,
бәйгеге тұр сай болып.Ақ тұлпарым ағынды
кең даламда көсілген.
Қасқа құлын шағыңды
шығармаймын есімнен.
Ерлан Ахмет, Ерлан Ахмет, Қасқа құлын, Каска кулын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

05.04.2017