Мінезің сөзі

Еркін Нұржанов

Мінезің

6
0

Бөлісу:



Ақылымды билеуді,
Күйіп тұрып күймеуді,
Жылып тұрып күлуді,
Сүйіп тұрып сүймеуді,
Сезімге бас имеуді
Ұнатасың ба?

Ұнатасың, ұнатасың
Ұнатамын мен де сені
Жылатасың, жұбатасың
Қалпыңменен кешегі

Жүрегіңе көнбеуді,
Жан-жараңды жеңбеуді,
Танып тұрып танымай,
Көріп тұрып көрмеуді
Сеніп тұрып сенбеуді
Ұнатасың ба?

Қайырмасы:
Аялаған ақ құсым
Қайрылмайтын қаттысың
Соның үшін, соның үшін
Тәттісің сен тәттісің.

Қарақаттай көзіңді
Көзіңдегі сезімді
Сүйем деген сөзіңді
Айтып тұрып айтпауды,
Айтқаныңнан қайтпауды
Ұнатасың ба?
Еркін Нұржанов, Еркин Нуржанов, Мінезің, Минезин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

31.10.2015
Бейнеклип
Еркін Нұржанов
Мінезің