Махаббат назы сөзі

Еркін Нұржанов ft. Бағлан Абдраимов

Махаббат назы

1
0

Бөлісу:


Алаулап атқан таңдардың,
Бақыты болып самғар кім?
Өзіңе ғашық сезімді
Жанымау жаңа аңғардым
Өзіңе айтар жан сырым 
Ойлаған күнді арманым
Жүректің ғашық сезімін 
Ән қылып Ән қылып саған
Ән қылып саған 
Ән қылып саған арнадым!!!
 
Арманы болып елестің 
Өзім мен өзім теңестім
Шын сүйсем егер өзіңді 
Кінәлі оған емеспін
Жүректі жұлып алардай
Өзіңді сүйсем сенбес кім 
Сырымды айтып қалайын
Өмірге, Өмірге екі 
Өмірге екі, Өмірге екі келмеспін!!! 
 
Күлімдеп қарап көзіңе 
Айта алмай сырды өзіңе
Ойлаумен сені аяулым
Таусылды бәлкім төзімде
Жыр менен айтқан шумақтап
Түсінші жаным сөзіме
Қолымнан келген бақытты
Сыйладым, сыйладым жаным
Сыйладым жаным, 
Сыйладым жаным өзіңе
 
Жыр менен айтқан шумақтап
Түсінші жаным сөзіме
Қолымнан келген бақытты
Қолымнан келген шаттықты
Сыйладым, сыйладым жаным
Сыйладым жаным, 
Сыйладым жаным өзіңе
 
Арнадым жаным, Арнадым жаным
Сыйладым жаным өзіңе
Еркін Нұржанов ft. Бағлан Абдраимов, Еркин Нуржанов ft. Баглан Абдраимов, Махаббат назы, Махаббат назы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015