Бақыт қадірі сөзі

Ерғали & Таңшолпан

2017

0
0

Бөлісу:



Өзің ғана жұбатасың ақ үміт
Аурылидан қалам сол сәт арылып
Сәтсіздікке құрбан болып тағдырлар
Енді біз қанша жүреміз ағынып
Бақыттарын сағыныштан таныдық
Уақыт жүгін көтере алмай налыдық
Тілегіміз орындалып қауышсақ
Жүрегіміз кетермекен жарылып

Қайырмасы:
Өмір өмір жүргізседе әмірін
Мүмкін емес мұң болуы бәрінің
Шын бақыттың білуі үшін қадірін
Шын сағыну керек шығар жарығым

Елесіммен мазаңды алам сығалап
Келмеші деп күрсінерсің кінәләп
Мен өкпеңді еркелік деп түсінем
Сенің жаның енді қанша шыдамақ
Сағат жылжып күн артынан күн ағар
Сен болмасаң көңілсіз ғой мына жақ
Көз жасыңа ерік беріп жүрсіңбе
Көршілерге көрсетпестен жылап ап

Қайырмасы:
Өмір өмір жүргізседе әмірін
Мүмкін емес мұң болуы бәрінің
Шын бақыттың білуі үшін қадірін
Шын сағыну керек шығар жарығым


Ерғали & Таңшолпан, Ергали & Таншолпан, Бақыт қадірі, Бакыт кадири mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

20.02.2018
Қолданушылар