Ботақаным сөзі

Ердос Қанаев , Альбина Шардарова

2018

20
3

Бөлісу:



Сөзің балдай сөйлегенің тәтті
Мың бұралып билегенің тәтті
Қарындасым, қарындасым
Жаны жайсаң аяулы аға сіз деп
Сағынғанда іздеп тұрам іздеп
Ағатайым, қарапайым.

Қарай берем қабағыңа
Арай төгем жанарыңа
Атса деймін әр таң алаңсыз
Ақ армандай аяулы ағам
Жан жылуын аямаған
Менің адал қамқор ағамсың

Қайырмасы:
Ботақаным, ботақаным
Еркелеші тағы да
Күнім менің гүлім менің
Жаздай жайнап жадыра
Еркелеймін, еркелеймін
Еркелейтін күн бар да
Күлімдеймін түңілмеймін
Алтын ағам тұрғанда.

Бауырыма басам сені еркем
Бір ғажайып күйді сонда шертем
Қарындасым-ай
Жұлдыздайын жарқырайсыз көктен
Сіз бар кезде күз көңілім көктем
Ағатайым-ай қарапайым.

Қарай берем қабағыңа
Арай төгем жанарыңа
Атса деймін әр таң алаңсыз
Ақ армандай аяулы ағам
Жан жылуын аямаған
Менің адал қамқор ағамсың

Қайырмасы:
Ботақаным, ботақаным
Еркелеші тағы да
Күнім менің гүлім менің
Жаздай жайнап жадыра
Еркелеймін, еркелеймін
Еркелейтін күн бар да
Күлімдеймін түңілмеймін
Алтын ағам тұрғанда.

Келші бірге, келші бірге
Ән салайық тағы біз
Хит боп кетсін бір-ақ күнде
Екеуміздің әніміз
Күнде-күнде, бірге-бірге
Жүрейікші ән салып
Екеуміздің әнімізге
Ел билесін тамсанып.
Ердос Қанаев, Альбина Шардарова, Ердос Канаев, Альбина Шардарова, Ботақаным, Ботаканым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Azamat

10 Желтоқсан 2018

кушти

Айнурия

Сөзін түзеткен

14.12.2018
Қолданушылар