Казино сөзі

Ербосын Қасымбек

2016

0
0

Бөлісу:



Құрап айтып қырық сылтауыңды
Алып ұшып үйден шықтыңда
Маңдай термен тапқан ақшаңды
Казиноға барып тықтыңда
Он күн бойы ұтылып жүріп
Мәз боласың бір күн ұттыңда
Түбі осының жақсылық емес
Ей бауырым соны ұқтыңба

Қайырмасы:
Жеңе алмайсың
Казиноны бауырым жеңе алмайсың
Өз өзіңді жеңемін деп неге алдайсың
Сол ақшаңа анашыңа ақ жаулық неге алмайсың
Неге ондайсың садақаға сұраса бере алмасың
Құмар ойнап жәннәтқа ене алмайсың
Сол теңгеңмен Көкшетауға барып демалмайсың

Букмекерге барыңды тасып
Қарызданып әркімнен қашып
Өз өзіңнен жеріп жүргенің
Үсті басың темекі сасып
Жүрегіңді иманға ашып
Жасасаңшы басқа бір кәсіп
Адал жолмен өзі ақ келеді
Тағдырыңа берген нәсіп

Қайырмасы:
Жеңе алмайсың
Казиноны бауырым жеңе алмайсың
Өз өзіңді жеңемін деп неге алдайсың
Сол ақшаңа анашыңа ақ жаулық неге алмайсың
Неге ондайсың садақаға сұраса бере алмасың
Құмар ойнап жәннәтқа ене алмайсың
Сол теңгеңмен Жаңақорғанда ем алмайсың

Ербосын Қасымбек, Ербосын Касымбек, Казино, Казино mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

27.03.2018
Қолданушылар