Бегім сұлу сөзі

Ерболат Ержанбаев

Бегім сұлу

1
0

Бөлісу:


1. Күлімдеп көркем жанарың, 
 Қиыла қарадың. 
 Өзіңе деген бал әнім, 
 Арналсын қарағым. 
 Қызғалдағындай даланың, 
 Тербеген самалым. 
 Түсінсең деп ем қарағым, 
 Жүректің қалауын. 
 
 Қайырмасы: 
 Бегім сұлу, бегім сұлу, 
 Бал татқан қандай ерін сұлу. 
 Бегім сұлу, бегім сұлу, 
 Болсаңшы менің теңім сұлу. 
 Бегім сұлу... 
 
 2. Жайқалған жасыл құрағым, 
 Кәусарлы бұлағым. 
 Ән-жырдың тақпай тұмарын, 
 Басылмас құмарым. 
 Жүрекке серік шынарым, 
 Сағынышым әнім. 
 Өмірлік жарым шырағым, 
 Болсаң сен сыңарым. 
 
 Қайырмасы: 
 Бегім сұлу, бегім сұлу, 
 Бал татқан қандай ерін сұлу. 
 Бегім сұлу, бегім сұлу, 
 Болсаңшы менің теңім сұлу. 
 Бегім сұлу... 
 
 3. Өзіңсіз таппай жан тыным, 
 Әніммен балқыдым. 
 Қиял теңізде қалқыдым, 
 Сені іздеп алтыным. 
 Іңкәр сезіммен әр түнім, 
 Бірге өтсе әр күнім. 
 Көтердім сен деп ән туын, 
 Қабыл ал жарқыным. 
  
Ерболат Ержанбаев, Ерболат Ержанбаев, Бегім сұлу, Бегим сулу сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

27.10.2015