Шопан жыры сөзі

Е. Есетов

Шопан жыры

0
0

Бөлісу:


Ақтылы қойды ағылтып
Алапқа жайып өргізем
Ширек есе жыл сайын
Табысқа өсім енгізем


Жылына екі қоздатып
Үштен бір егіз аламын
Жаз жайлауда семіртіп
Қыс тебінге саламын


Бүлк-бүлк етіп құйрығы
Майда жүнді қойларым
Салтанатпен өткізем
Жабағы, күзем тойларын


Отанға берген сертімді
Орындамай қалғам жоқ
Еңбек ері атандым
Енді менде арман жоқ

Е. Есетов
Е. Есетов, Е. Есетов, Шопан жыры, Шопан жыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015