Жүрегім, нені сезесің? сөзі

Досымжан Таңатаров

1
0

Бөлісу:



Жүрегім, нені сезесің?
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңлім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниені, көңлім, сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Досты қайдан табарсың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабарсың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниені, көңлім, сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Досты қайдан табарсың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабарсың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Досымжан Таңатаров, Досымжан Танатаров, Жүрегім, нені сезесің?, Журегим, нени сезесин? mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

10.04.2017