Бір көргеннен сөзі

Досымжан Таңатаров , Ернар Айдар

2018

17
0

Бөлісу:



Жолықпай жүрді жол қарағанмен
Кезікті бір жан жолым болып
Ұрланып тұрып бір қарағаннан
Маңайым кетті гүлге толып

[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.

Тулайды жүрек тулайды келіп
Арнама сыймай ағылып жыр
Қиялымдағы періште бейне
Аңсатпай менің қасымда жүр

[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Бір көргеннен, Бир коргеннен mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

30.07.2018
Қолданушылар