Сөзі
Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
Қайырмасы:
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
Қайырмасы:
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
бул олен маган катты унайды,рахмет саган ан жинак
Бул ан оте тамаша Маган унайды
бизге ұнайды бирак бізге оның музыкасы керек неге музыкасы жок екен соны айтыңыздаршы