Бұл жарық сөзі

Дастан Оразбеков

2019

0
0

Бөлісу:



Жарқ еткен жарық найзағай
Жарылған бейне жан айқай
Оятты кенет ұйқыдан
Мүлгіген елді оянбай

[Қайырмасы]
Бұл жарық қара түннің ар жағынан
Бұл жарық әр жүректің алауынан
Бұл жарық армандардан жаратылған
Ұшам деп талай құлаған

Тербеген ұзақ тәтті ұйқы
Шырқайды әлі шат күйді
Түсімде менің қарашы
Бір сәтке түгел ақ күйді

Әр алақанда бір сәуле
Сәбилер де бар үлкен де
Тоқтаусыз көтерілді де
Жалғанды күнге өрт кеуде
Дастан Оразбеков, Дастан Оразбеков, Бұл жарық, Бул жарык mp3 жүктеу, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

10.07.2019
Қолданушылар