Дана Кентай Сағына білу бір бақыт (2018) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Сағына білу бір бақыт сөзі

Дана Кентай

2018

19
1

Бөлісу:



Жанымның серігі сүйіктім менің
Өзіңе әрдайым биік тілегім
Сенен жылу табамын
Сыйлаған жаныма ләззат гүлдерді
Қол ұстасып жүрген ғажап күндерді
Қалай ұмыта аламын.

[Қайырмасы]
Сағына беремін мен сені
Қинайды жаным сол мені
Қинайды мені
Қимайды сені
Сағына білу бір бақыт
Көңілмен үнсіз тіл қатып
Арайлы таң боп
Мен саған ән боп
Жолығамын.....

Төзіммен күтемін өзіңді жаным
Сөндірмей сақтаймын сезімді жалын
Жалғыз қуана алам ба
Кейіпкері сенсің қиял әнінің
Дәл мендей бір сені сүйе алады кім
Айтшы мына ғаламда.

[Қайырмасы]
Сағына беремін мен сені
Қинайды жаным сол мені
Қинайды меніҚимайды сені
Сағына білу бір бақыт
Көңілмен үнсіз тіл қатып
Арайлы таң боп
Мен саған ән боп
Жолығамын






Пікірлер

Нурдан

24 Желтоқсан 2018

Жак

рахманберді

11 Қыркүйек 2021

маған ұнады музыка әдемін

Admin

Сөзін қосқан

16.12.2018