Менімен сөйлесіңізші сөзі

Дана Кентай

2019

0
0

Бөлісу:



Сенен бір сәт көзімді алған мезетте
Маған бүгінгі адалдығыңды сөз етпе
Жүрегімде жалғыз өзіңсің сол жайлы
Қайта қайта сарай беруім қажет пе?

Сүю, сіз ғанасыз өмірімнің сыйы
Сіз ғанасыз көңілімнің күйі
Меніменен сөйлесіңізші жиі
Әр күн, ақ жүзіңді армандаймын балғын
Сені көрген сәттен бері жаным
Басқа адамды ұната алмай қалдым

Екеуміз бақытқа лайықты жандар екенбіз
Екеуміз бақытқа лайықты жандар екенбіз

Махаббаттай айықпас дертке шалдыққан
Әр сөзіңіз кем емес маған жарлықтан
Маған ғана көңіл бөлсе екен деймін де
Жекеңізге көптен ендім сондықтан

Сүю, сіз ғанасыз өмірімнің сыйы
Сіз ғанасыз көңілімнің күйі
Меніменен сөйлесіңізші жиі
Әр күн, ақ жүзіңді аймаласам балғын
Сені көрген сәттен бері жаным
Басқа адамды ұната алмай қалдым

Екеуміз бақытқа лайықты жандар екенбіз
Екеуміз бақытқа лайықты жандар екенбіз
дана, кентай, dana, kentay, kentai, Менімен сөйлесіңізші, Менимен сойлесинизши mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Жумамурадова Айдана

28 Қыркүйек 2019

Әннің сөзі бар ма

Салташ

Сөзін түзеткен

30.09.2019
Қолданушылар