Ботакөз Күдерхан Тәуелсіз Қазақстан (0) сөзі

Тәуелсіз Қазақстан сөзі

Ботакөз Күдерхан

0
0

Бөлісу:


Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні,
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы.
Шаңырағы биік болып қазақтың,
Қисаймасын берік болсын уығы.Тәуелсіздік оңайлықпен келмеген,
Қаншама адам қазақ жерін бермеген.
Соғысты олар барлығы елі үшін,
Жанын беріп, жан-тәнімен терлеген.Тәуелсіздік еліміздің тұғыры,
Аспанына көрінеді күн нұры.
Жасай берсін мәңгілікке қазағым,
Таусылмасын, сарқылмасын ғажабың.Тәуелсіздік – бақыты ол елімнің,
Тәуелсіздік – ән мен сәні жерімнің.
Көркейе бер, гүлдене бер бай далам,
Теңдесі жоқ байлығы мол елімнің.Жеттік міне, азат күнге шаттықты,
Арта берсін, үстем болсын мерейің.
Осы күнге жеткен ұрпақ бақытты,
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең.






Admin

Сөзін қосқан

05.07.2017