Жамбас сипар сөзі

Біржан сал Қожағұлұлы

0
0

Бөлісу:


Ұшына орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көк алалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән еді Біржан салған "Жамбас сипар".
Деген соң, біз қартайдық, біз қартайдық,
Белгілі қартайганның серттен тайдық.
Қанекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.
Берген соң, тәңірім өмір, ақ бас болдық,
Келін мен балаға да жақпас болдық.
Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,
Таппайтын адам ебін қақбас болдық.
Біржан сал Қожағұлұлы, Биржан сал Кожагулулы, Жамбас сипар, Жамбас сипар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016