Сағындымғой жастығымды кешегі Бекмұрат Махамбетов

Сағындымғой жастығымды кешегі

0
0

Бөлісу:


Сөзі



Сағынышты ойласамда кешегі,
Жастығымды еске алғаным кеш еді.
Білмеппін мен жігіт болып өсуді,
Жастық шағым бар кінәмді кеш енді.
 
 
 
Кінәлімін сені тастап кеткенім,
Қолымды созып басқа өмірге жеткенім.
Тастап кеттім мәңгі көрмес жастыққа,
Ауыр болды жылап маған кеткенің.
 
 
 
Сәбимін
Ол кезде мен білмеппін,
Өсуді ойлап жылап қана күлмеппін.
Дос болмадым қара құмды үрмеппін,
Ол кезде мен өлеңдермен жүрмеппін..
 
 
 
Жүрдім мен тек
Ойыншығыммен сырласып,
Жаяулатып кейде шығам қырға асып.
Өзім мен өзім ойнаушы ем тек тал асты,
Көлеңкеде сыңғыр сумен таласып.
 
 
 
Содан бері мектепке қарай аттадым,
Ойнауға мен аяқты мүлде баспадым.
Ашылмады мүлде содан қас қабым,
Бастады енді басқа өмір жас жаным..
 
 
 
Бітірдім мектепті де ақырын,
Студенттік өмірге қалды(аз) шақырым.
Тустік содан колледжге-де Мәз болып,
Қалам парақ алдық бәрін сатылым.
 
 
 
Әй содан басталды міне танысу,
Бір сұлудан ой болды сөз алысу.
Біздің ой тек содан қалмау әттең-ай,
Болмаған еді сұлудан құр қалысу.
 
 
 
Таныстық біздер жаз айының кешінде,
Тіл қатқаным сол кеш әлі есімде.
Жақындадық әнгімеміз жарасты,
Сол құрғыр-ай агенттің ішінде..
 
 
 
Студентпін есіктен кіріп аттадым,
Отыр біреу қадамды соған баспадым.
Әп-әдемі мөлдір көзбен қарайды,
Кейіннен барып жыладығой жас жаным.
 
 
 
2-курс 
 
Әңгімеміз баяғыдай еместі,
Сайтандар мен періштелер кеңесті.
Оқудамыз қарсы алдымда жол тартқан,
Құдай-ау көріп тұрмын елесті..
 
 
 
Менің жаным кетіп барад алдымда,
Жете алмай арттан қарап қалдымба.
Айқайлағым келеді-ау бірақ ай-қайдам,
ұят дегенді қиялдардан алдымба.
 
Кешқұрым тек тілдесеміз екеуміз,
Басқаларда жоқтай биік екенбіз.
Дауыстары әлі құлақтың ішінде,
Армандарға бірге самғап жетерміз..
 
Деп келдім мен қиялға сеніп кешегі,
Бірте-бірте жоғала бастад есебі.
Бір сөйлесіп сөйлемей қалды кейіннен,
Күзде кетті қош айтысып кеш енді.
 
Түсінбедім себебін сұрап өзінен,
Байқадымба үзік-үзік сөзінен.
Содан кейін өзгерді санам ызалап,
Бір қасиетті сол кезде мен сезінем..
 
Жәй-жәй деді неге олай қымбаттым?,
Тұнғыйықтың тереңіне мың баттым.
Жақсы қош бол қиялмай оны жіберіп,
Жылап жаттым қасына барып түн бақтың..
 
Сабағымды аяқтадым күзде мен,
Көрмей содан жаным қатты іздеген.
Неге оны іздеп жүрмін білмеймін,
Сағын болып үмітпе екен үзбеген..
 
Содан кейін қаламды алып қолыма,
Қараймында ұзақ-ұзақ жолыма..
Ұмытыппын бұрынғы өмір қайғыны,
Парақтарым ешқашанда солыма..
 
Он сегізге жақын қалған арада,
Таныстым тағы бір сұлумен қалада..
Кейін біздер тіл қатыппыз байқамай,
Қалам ау осы тағы түнгі далада..
 
Деп ойландым неде болса көрейін,
Сынақ болса мейлі оғанда көнейін.
Әңгімеміз одан әрі жарасты,
Бірде от боп бірде шоқ боп сөнейін..
 
Көп болмады кетті олда жыраққа,
Мен бардым тек түнгі жанған шыраққа.
Кері айналып бүккіл өмір кетседе,
Кеш болған-ау барып қону тұраққа..
 
Шықпай жатыр өмірімнің есебі,
Ойлап тұру бәрінен де кеш еді..
Сайран салып ойнап жүрген құмменен,
Сағындымғой жастығымды кешегі..
 



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

29.10.2015