Жерім менің сөзі

Бекболат Тілеухан

Жерім менің

1
0

Бөлісу:



Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай-саласы.
Туған жер, қасиетіңнен айналайын,
Таусылмас ұрпағымның қазынасы, 
О - оу жерім менің!
 
Қайырмасы: 
 
Бабамнан қалған кең далам,
Анам сенсін, мен – балаң.
Арым сенсің аялар, 
Беу, кең далам, аманатым қорғаған. 
 
Жетісу - жер жаннаты, ғажабың-ай,
Думанның Сарыарқам бар базарындай.
Арасы өр Алтай мен Атыраудың,
Жаратқан бұйыртыпты қазағыма, 
О - оу жерім менің!
 
Орал мен қара Ертістің арасында,
Алатау, Көкшетаудың саясында.
Қазақтың көңіліндей кең даласын,
Қалдырған ата-баба баласына, 
О - оу жерім менің!

Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Жерім менің, Жерим менин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қоңқас Нұргүл

28 Қараша 2017

Сәлеметсіз бе? Әннің минусын қалай алуға болады?

GM

Сөзін қосқан

22.10.2015