Сырымды тоқтатайын айта бермей сөзі

Бекболат Тілеухан

1
0

Бөлісу:



Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың — ашыған у, ойың — кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық
Кім көңілді көтеріп болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның, бәрі өзгермек.

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды - үміт, арты - өкініш, алдамшы өмір
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?»


Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?


Көрдiк қой дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiрi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбiнiң сырты бүтiн, iшi түтiн


Мал жияды мақтанып білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа басқаны “ит” деп ойлар,
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.


Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол кетер бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Кім болысар басына күн тұғанда


Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат пен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Сырымды тоқтатайын айта бермей, Сырымды токтатайын айта бермей mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

18.02.2017
Қолданушылар