Бөлісу:



Күн батар кешке жақын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып табысады өңшең ғашық!

Боз үйден таң алдында күйеу шығар,
Артынан қалар жары бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Ей, қалқа, тіліңді әкел, аузыңды ашып.

Ақ сұңқар, алма мойын шаһизада
Көңілімді әр қилы қалдырасың!
Салдыртып сал күреңмен келгенімде,
Кіргізбей босағаңда қалдырасың.

Айбатпен сотқа кірген прокурордай,
Шашыңа таққан шолпың салдырасын.
Жаңа ұшқан үясынан бала қаздай,
Қалқатай, екі көзің жаудырасын.
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Шама, Шама mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

16.02.2017
Қолданушылар
Бейнеклип
Бекболат Тілеухан
Шама