Өтеді өмір сөзі

Бекболат Тілеухан

Өтеді өмір

2
0

Бөлісу:


Өтеді ау өмір өтер,
Еркіне көнбес, кетер
Үміт пен сенім барда
Баянсыз деме бекер
 
Жүректің нұры мейір
Сағыныш тербер жанды
Ақ көңіл адал пейіл
Бауырмен өмір мәнді
 
Кездесу, шалқу, сүю
Келтірер көңіл қошын
Қоштасу, күту, күю
Өмірдің өзі осы… 

Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Өтеді өмір, Отеди омир сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015