Күлдір де күлдер кісінетіп (Ақтамберді) сөзі

Бекболат Тілеухан

Күлдір де күлдер кісінетіп (Ақтамберді)

1
0

Бөлісу:



Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екемiз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екемiз!
 
Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екемiз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екемiз!
Тобыршықты әндiген
Толтыра тартар ма екемiз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екемiз!
Жарлауға бiткен жапырақ –
Жамылсақ тоңар ма екемiз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген –
Сұғынсақ тояр ма екемiз!
 
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мiнiп,
Қоныс та қарар ма екемiз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екемiз!
 
 
 
 
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз
Күдерiден бау тағып,
Қамқапты киер ме екеміз?!
Өзенге бие байлатып
Төскейге орда орнатып
Төрткілдеп ошақ қаздырып
Төбел бие сойғызып
Төменде бидің кеңесін
Біз де бір құрар ма екеміз ?!
Құлаты тауға қол салып
Садақтың оқын мол салып
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып
Қолды бір бастар ма екеміз?!
Майданда дабыл қақтырып
Ерлердің жолын аштырып
Атасы басқа қалмақты
Жұртынан шауып бостырып
Тәйедегі наршасын
Әлпештеген ханшасын
Ат артына мінгізіп
Тегін бір олжа қылар ма екеміз?!
 
Кеуде бір жерді жол қылсам
Шөлең бір жерді көл қылсам
Құрап жанды көп жиып
Өз алдына ел қылсам!
Асқар бір тауды жайласам
Желілеп бие байласам 
Күнде жиын, күнде той
Қыз- бозбала ойнатсам
Тентегін түзеп байқа деп
Ішінен биды сайлатсам
??лым бір ?лдац киінсе
Көркемін көрген сүйінсе
Атымтай жомарт секілді
Атағым жұртқа білінсе!
Өзім бір бөлек жайласам
Жігіттен н?кер сайласам
Ойпақ жерге он отау
Қырақ жерге қырық тігіп
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малым кетпесе
Қазаным оттан түспесе
Ауылдан топыр үзілмей
Ошақтың оты өшпесе
Май жемесе қонағым
Қан жемесе барағым
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп
Шүлеңгір мырза атанар ма екенбіз?
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Күлдір де күлдер кісінетіп (Ақтамберді), Кулдир де кулдер кисинетип (Актамберди) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

16.05.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Бекболат Тілеухан
Күлдір де күлдер кісінетіп (Ақтамберді)