Қайран Еділ сөзі

Бекболат Тілеухан

Қайран Еділ

2
0

Бөлісу:



Алаң да алаң,
алаң жұрт,
Ақала ордам
қонған жұрт,
Атамыз біздің
Сүйініш
Күйеу болып
барған жұрт,
Анамыз біздің
Бозтуған
Келіншек болып
түскен жұрт,
Қарғадай мынау
Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді
кескен жұрт,
Кір-қоңымды
жуған жұрт,
Қарағайдан садақ
будырып,
Қылшанымды сары
жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау
болған жұрт.
Салп-салпыншақ
анау үш өзен,
Салуалы менім
ордам қонған жер,
Жабағылы жас
тайлақ
Жардай атан
болған жер,
Жатып қалып бір
тоқты
Жайылып мың қой
болған жер,
Жарлысы мен байы
тең,
Жабысы мен тайы
тең,
Жары менен сайы
тең,
Ботташығы
бұзаудай,
Боз сазаны
тоқтыдай,
Балығы тайдай
тулаған,
Бақасы қойдай
шулаған,
Шырмауығы шөккен
түйе таптырмас,
Балығы көлге
жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын
таптырмас,
Қайран менің
Еділім,
Мен салмадым,
сен салдың,
Қайырлы болсын
сіздерге
Менен қалған
мынау Еділ жұрт!..
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Қайран Еділ, Кайран Едил mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Асхат Кошанов

Сөзін түзеткен

25.11.2017
Қолданушылар
Бейнеклип
Бекболат Тілеухан
Қайран Еділ