Доспанбет жырау сөзі

Бекболат Тілеухан

Доспанбет жырау

2
0

Бөлісу:



Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,
Би ұлынан несі кем?!
 
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!
 
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де аламанға ат байлағаны жоқ еді!
 
Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үстімұз,
Күн-түн қатса жібімес.
Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға
Күректей мұзды тондырып,
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!
 
Дүниенің басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағадан. 
 
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?! 
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!
 
 
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?! 
Садақ толған сайгез оқ 
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?! 
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?! 
Еділдің бойын ен жайлап, 
Шалғынға бие біз байлап, 
Орындықтай қарасабадан 
Бозбаламен күліп-ойнап, 
Қымыз ішер күн қайда?! 
 
 
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен. 
Толғамалы ала балта қолға алып, 
Топ бастадым, өкінбен. 
 
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып, 
Дұспан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен.
 
Зерлі орындық үстінде,
Ал шымылдық ішінде 
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.
Бүгін, соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын.
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Доспанбет жырау, Доспанбет жырау mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.10.2015
Бейнеклип
Бекболат Тілеухан
Доспанбет жырау