Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуы сөзі

Бекболат Тілеухан

4
0

Бөлісу:



Әсет:
Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай,
Науқасқа шипа берсін патша, құдай.
Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым,
Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң,
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Дауысым танимысың, атым - Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.
Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,
Алашқа атың шыққан қыраным-ай?!

Кемпірбай:


– Көңілді Әсет келді, көтергелі,
Қысады кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Өлсем де «Көк кептерге» бір басайын,
Қу тақтай қос ішекті әпер бері!
Аузыма өлерімде сөз салмасаң,
Қонғаның, өлең, шіркін, бекер ме еді?
Ал енді шіркін көмей былпылдасын,
Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын,
Ішінде арғын, найман салдым айғай
Не қылып, шіркін көмей, жыртылмасын,
Мойынға әзірейіл салса құрық
Білемін қаріп жанның құтылмасын.
Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе.
Білемін енді өзімдей ұл тумасын.
Суырған қынабынан наркескендей,
Әр жерден қызыл тілім қылтылдасын
Көңілді Әсет сұрай келгенінде,
Шаба алмай кәрі тарлан сымпылдасын.

Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам жер танабы қуырылған.
Жай тастап құлашымды алып жылдам
жабының күнде озушы ем тұғырынан.
Басымды шапқан сайын шайқап тастап

Ер Дәуіт жеті жаста иектеген,
жасынның суын ішіп құдығынан.
Келсе де тоқсан ақын торай бермей,
Мен дағы озып жүрмін ығылымнан.
Тереңдеп Сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеуші еді жұлығымнан.
Әй, Әсет, осы дерттен мен өлемін,
Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан.


Ұшса да қанат байлап аспанменен,
Өлімнің кім құтылар құрығынан,
Сұрасаң хал-жайымды, жаным Әсет,
Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.


Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем.
Әсетжан, осы аурудан онбаспын білем,
Алланың әмірі екі болмас білем.
Кеудемнен көкала үйрек қош деп ұшты,
Сол шіркін жалғыз ұлға қонбас

Басымда отырды өксіп қимай-жоқтап,
Кете алмай басқа жақта айналсоқтап.
«Серігім қош аман бол, Кемпірбай» деп,
Жылады бұрынғы өткен күнді жоқтап

Келдің бе, ажал шіркін, алайын деп,
Құрықты сала құлаш салайын деп,
Азырақ аялдашы ажал батыр,
Жатырмын өзімдағы барайын деп


Әсетжан,осы ауру қоймас білем,
Алланның әмірі екі болмас білем.
Қамығып "хош" деп жылап ұшып кетті,
Осы өлең жалғыз ұл Серкебайға қонбас білем.

Сәлем айт, Арқадағы хан-қараға,
Қара Ертіс, Қарқаралы жандараға.
Ағытай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым болар білем,
Кемпірбай дұға қылсын бейшараға.
Бекболат Тілеухан, Бекболат Тилеухан, Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуы, Асетпен Кемпирбайдын коштасуы mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

16.02.2017