Қос қанатым сөзі

Бейбіт Қорған

2019

0
0

Бөлісу:



Ұл қыздарым жұлдыздарым нұрланған
Әкесінің өнерінен үлгі алған
Балаларым бұл өмірде мен үшін
Ең керемет ең сүйікті тыңдарман
Әке бізде ән жұлдызын жағайық
Өзіңменен қосылып ән салайық
Сахнаға алып жүрші біздерді
Өнердегі қос қанатың болайық

Қайырмасы
Қос қанатым,қос қанатым
Сендер барда жан емеспін жасқанатын
Ардақты әке асқақ атың
Батаңызбен ақ жолыңыз басталатын

Әке бізде биік шыңға шығайық
Жаныңызда бірге билеп тұрайық
Енді өзіңмен ертіп жүрші біздерді
Сапарларды сағынғанша мұңайып
Кез келеді әнді бірге салатын
Сапарларға қол ұстасып баратын
Өнердегі тілеуімді тілейтін
Өмірдегі менің екі қанатым

Қайырмасы
Қос қанатым,қос қанатым
Сендер барда жан емеспін жасқанатын
Ардақты әке асқақ атың
Батаңызбен ақ жолыңыз басталатын


Бейбіт Қорған, Бейбит Корган, Қос қанатым, Кос канатым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

06.05.2019
Қолданушылар