Екі жұлдыз сөзі

Бейбіт Қорған

Екі жұлдыз

1
0

Бөлісу:



Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.

Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.
      
 Қ-сы
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.

К-сы
Бейбіт Қорған, Бейбит Корган, Екі жұлдыз, Еки жулдыз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

22.01.2017
Қолданушылар

GM