Асыл анам сөзі

Бейбіт Қорған

Асыл анам

2
0

Бөлісу:


Бұл дүниеге жаратып балапаным
Ақ жүрегім қуанып жарқырадым
Бесігімді тербетіп мәпеледің
Ақ жол тілеп ұядан ұшырдың сен
 
Қайырмасы :
Асыл анам арнап саған алғысымды әнмен айтам
Гүлім дейсін күнім дейсің аяулы асылымсың
 
Жан анашым асылым жаның нұрлы
Күндей төктің жаныма жарығыңды
Тіршіліктің көтердің ауыр жүгін
Жандырам деп сен менің жұлдызымды
Жұлдызымды
 
Қайырмасы :
Асыл анам махаббатын аямаған шапағатын
Бір өзіңнің ақ тілегің биіктерге ұшыратын
 
Балапаның алыста ұшып жүрсе
Сен тұрасың жолында күтіп күнде
Түнгі ұйқыңды төрт бөліп алаңдайсың
Қайтір келсем алдыңа қарсы аласың қуанасың
 
Қайырмасы :
Асыл анам қарсы аласың гүл боп жайнап жадырайсың
Құлыным дейсің жаным дейсің шырылдаған асылымсың
 
Мөлдір етіп көзіңнің қарашығын болып жүрсің мәңгілік жанашырым
Әр балаңның арманы орындалар ақтап жүрсе ақ сүтін анасының
Анасының
 
Қайырмасы :
Асыл анам арнап саған алғысымды әнмен айтам
Гүлім дейсін күнім дейсің аяулы асылымсың
Бейбіт Қорған, Бейбит Корган, Асыл анам, Асыл анам сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015