"Сөйле" десең, сөйлейін сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


«Сөйле» десең, сөйлейін,
Көңіліңді сөзбен делбейін!
Жез бұйдалы мен наршаң,
Қосынды артсаң жетелеп -
Елпендеп неге ермейін.
Көптен бері сағынып
Бас қосқан соң сендермен,
Барымды бүгін сермейін!
Ықыласыңмен тыңдасаң,
Сөзімді пұлдап несіне -
Бойымды балап кернейін.
Атасы тегін жел сөзбен,
Бас - басыңа жетерлік
Еншіңді неге бермейін.
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, "Сөйле" десең, сөйлейін, "Сойле" десен, сойлейин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016