Өзімдей - ақ ұл туар сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Дабылымды есітіп,
«Құмар» дейді көрмекке
Сонау жатқан төменгі -
Астраханның бойында,
Он екі ата - Байұлы.
Әлім менен Шөменнің
Мен едім даңқты шайыры!
Екі енені тел емген
Күпшек санды күреңмін,
Төсімнен тарса, жетпейтін -
Жуандықтан айылы.
Өзімдей - ақ ұл туар,
Бір адамның зайыбы.
Жырау боп атқа мінгелі
Әлім, Шөмен баласы-
Әңгімеме байыды.
Аузымнан шықан сөзіме
Дін мұсылман қайыды.
Халқына басы қадірлі -
Қайбір жерде жігіттің
Көрінсе көзге зайыры.
Қолы сақи пендеге -
Өлгенде тиер қайыры.
Қабыл алмай, алдымнан
Қазақ халқы кеткен жоқ -
Сөзімнің келсе қайымы.
Осы отырған әлеумет!
Көңліңді жырмен ауласам,
Болады қанша айыбы?!
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Өзімдей - ақ ұл туар, Озимдей - ак ул туар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016