Ойналық та күлелік сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Жабы мінген жөнелмес,
Тіріде перне не көрмес.
Көтергенмен кеудесін,
Жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
Қырық жыл қырғын болғанмен -
Ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен соң,
Тырп етуге дәрмен жоқ,
Ұсынып мойын, кім көнбес?
Ойналық та, күлелік,
Сайран етіп жүрелік,
Өлген соң дәурен бір келмес!
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Ойналық та күлелік, Ойналык та кулелик сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016