Халық үшін туған қайратты ер сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Жігіт жауға шаппай ма
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Халық үшін туған қайратты ер, Халык ушин туган кайратты ер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016