Халқымның аузын тұшыттым сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Тереңдігім - теңіздей,
Қайратым - қоңыр өгіздей!
Дұшпанды талай матадым -
Тізесінен тебіздей.
Халқымның аузын тұшыттым -
Сере шыққан семіздей.
Дабысым кетті алысқа -
Жиреншенің өзіндей.
Өлшеулі болды Тәңірімнің
Ешкім ара тұрған жоқ,
Несібемді жегізбей.
Бір есіткен сөзімді
Тарқамады құмары
Ғашық боп Мақпал - Сегіздей.
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Халқымның аузын тұшыттым, Халкымнын аузын тушыттым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016