Ғашық жарым сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Ауылың Жаңадария өріндесің,
Боз үйдің әкең тіккен төріндесін.
Сырты кең сыпайының, іші - тар-ды,
Көзіме жамандығың көріебесін!
Жарасқан ақ боз үйге басқұрларың,
Көп екен ауылыңда «қасқырларың».
Өзің біл не етеріңді, ғашық жарым,
Мен сені жаратқанға тапсырғаным.
Жүк қалмас, сыйыстырып артсай нарға,
Қиынды, қалса көңіл алған жарға.
Біреуге үлгі етпек бекер,
Қарамас жаман адам ұят, арға.
Бір ермін тәуекелге тіккен басын,
Жүрмесін у заһар боп ішкен асым.
Орнына ешбір келмес қанша айтқанмен,
Жеріңді «жауға алдырсаң» бармақ басым.
Алыстан талпып келдім балапандай,
Табылған алып келдім ғұлапамды-ай!
Еңбегін есіл ердің зая етіп,
Жеріңді «жауға алдырма» алақандай.
Мал ішкен Қоңырдөңның тынық қағын.
Қиынды қапылыста, сынса сағым.
Мен сенің жайың біліп тұрғаным жоқ,
«Хаупі бар малы бардың» деген тағын.
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Ғашық жарым, Гашык жарым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016