Бір шығайын құмардан сөзі

Базар Оңдасұлы

0
0

Бөлісу:


Адам болса, көңліңде
Болмай қалмас бір арман.
Екі мұңды бас қосса,
Іштегі шерін шығарған.
Өздеріңдей құмар ем
Мәжілісінде сөйлеуге
Жақсының басы құралған.
Мал жұтамас қыс күні
Қара түлей шұбардан.
Ердің жолын түрін ашса,
Адаспас қара тұманнан.
Қалыңға салсаң қайырып.
Аң кетпейді қыраннан.
Аш күзендей бүгілер,
Алтайы шалған құмайдан.
«Айт!» дегенде, жел сөздің -
Тоқталайын несіне,
Мен тайымда оздым құнанан!
Құнанымда озғанмын.
Жеті жасар жуаннан!
Әттең, дүние, сұм жалған,
Батырдан да өтіп барасың
Ала байрақ ту алған;
Найзасы қарға асынып,
Алмасын қанға суарған.
Палуаннан да өтіп барасын,
Алқалаған жер болса,
Атандайын алшаңдап,
Ақ білегін сыбанған.
Шешеннен де өтіп барасын.
Жүзден озған суырылып,
Жүйрік аттай шұбалған.
Тәңірі қосқан жолдасы
Жаман болса жігіттің
Жатқа бойы сыналған.
Таланды ерге тап болар,
Ақылға дана ару жар,
Тал шыбықтай бұралған.
Алдарыңда, бектерім
Бір шығайын құмардан.
Базар Оңдасұлы, Базар Ондасулы, Бір шығайын құмардан, Бир шыгайын кумардан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016