Бөлісу:



Өзің барда бұл ғаламда бармын мен
Бар болсам да таласым жоқ тағдырмен
Ұнатқанда ұмытардай болып ем
Ұмыта алмай, ұмыта алмай қалдым ем

Сүю қиын, оңай емес ұмыту
Жаның, арың бірі жалау, бірі ту
Қол ұстасар едім келсе қолыңнан
Жүрегімді жүрегіммен жылыту


[Қайырмасы]
Өзің барда биіктен де биікпін
Өзің жоқта тұнғиықпын, тұйықпын
Мен өзіңді тек өзіңмен өзгертіп
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін


Өзің барда ойламаймын өзімді
Сезім барда сүйген жүрек төзімді
Аппақ таңда сені көріп оянып
Сені көріп ілсем болды көзімді

Қатар жүрміз бақпен сырда қатар жүр
Бізде де ел бақытты деп атап жүр
Қатар жүріп бөлісерміз барлығын
Тек біздерді бөле көрме, О тағдыр


[Қайырмасы]
Өзің барда биіктен де биікпін
Өзің жоқта тұнғиықпын, тұйықпын
Мен өзіңді тек өзіңмен өзгертіп
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін

[Қайырмасы]
Өзің барда биіктен де биікпін
Өзің жоқта тұнғиықпын, тұйықпын
Мен өзіңді тек өзіңмен өзгертіп
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін
Сүймеу үшін, сүймеу үшін сүйіппін
Бауыржан Ретбаев, Айгерім Мамырова, Бауыржан Ретбаев, Айгерим Мамырова, Өзің барда, Озин барда mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

29.08.2019
Қолданушылар