Жұлдызды түн сөзі

Бауыржан Ретбаев

Жұлдызды түн

1
0

Бөлісу:



Сен менйң гүлім едің көңілді көркем еткен
Сен менің күнім едің өмірден ерте кеткен
Жанымды емдейсің бе сағынып келмейсің бе
Елігім еркелеткен
Сен асау сезім едің еркіме бағынбайсың
Бақыттың егізі едің іздесем табылмайсың
Жаным жалғанбысың сен менің арман құсым
Неліктен сағынбайсың

қайырмасы:
Жұлдызды түн әпақ қар айнала
Жалғыз тұрмын жағада сені ойлана
Ақ арманым жалғыз сен кел аймала
Бағымды байлама

Сен менің көктем гүлім жаныма төккен нұрын
Ойымнан айырылмайды өзіңмен өткен күнім
Мен сені аңсап күттім іздедім шаршап біттім
Қайдасың мөп-мөлдірім
Ақ ұлпа аппақ сезім маған тапқан арман
Бірге өткен күннің бәрі біз жүрген бақта қалған
Нұрланған қабағынды жаным-ау жанарынды
Жүрегімде сақтап алған

қайырмасы:
Жұлдызды түн әпақ қар айнала
Жалғыз тұрмын жағада сені ойлана
Ақ арманым жалғыз сен кел аймала
Бағымды байлама
Бауыржан Ретбаев, Бауыржан Ретбаев, Жұлдызды түн, Жулдызды тун mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Бауыржан Ретбаев
Жұлдызды түн